Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Асан Жүсіпов пен Қуанышбек Үштав Қазақстан қарулы Күштеріндегі лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.