$ 520.27  537.65  5.24

Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанда өтеді.

Фото: Getty Images / Laurence Griffiths
Фото: Getty Images / Laurence Griffiths

"Халық күші" партиясының мүшесі, 53 жастағы Михаил Кавелашвили 224 дауыс жинап, Грузия президент атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанда өтеді. Ол 5 жыл мерзімге сайланады.

Айта кетейік, оның кандидатурасын "Грузин арманы" билеуші партиясы ұсынған. Кавелашвили президент лауазымына жалғыз үміткер болды.

Елдің қазіргі президенті Саломе Зурабишвили де, оппозия да сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартып отыр. 26 қазанда сайлау нәтижесін мойындамаған олар өз кандидаттарын ұсынбай, дауыс беруге қатыспаған. Оппозицияның пікірінше, парламенттің президент уәкілеттігін таңдауға құқығы жоқ.

"Саломе Зурабишвили Грузия президенті, Грузия қарулы күштерінің бас қолбасшысы және сыртқы қатынас бойынша елдің жоғарғы көшбасшысы болып қала береді. Туындаған күрделі саяси дағдарыстан шығудың жалғыз жолы – жаңа әрі әділ сайлау", – деді "Қуатты Грузия" партиясының төрағасы Иракли Купрадзе.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары