06.01.2025, 12:20

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Осыған дейін облыс әкімі болған Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Түркістан облысының әкімі лауазымына Нұралхан Көшеров тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі болған Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.