Үкімет басшы жаңа министрдің жауапты міндетіне табыс тіледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күшім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік ортадағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Нағаспаев.
Үкімет басшы жаңа министрдің жауапты міндетіне табыс тіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін Қанат Шарлапаев атқарған болатын. Ол жақында Президенттің көмекшісі лауазымына тағайындалды.