Бұл туралы журналист Жанар Канафина хабарлады.
Әйгілі "Менің атым Қожа" фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Балалық шағымыздың символына айналған Қожаны сомдаған актер — Нұрлан Сегізбаев (Санжар) бүгінде ауыр сырқатпен күресіп жатыр. Оның айтуынша, дәрігерлер оған ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) ауруының 4-дәрежесі диагнозын қойған және тірі жүруге жарты жыл ғана уақыт беріп отыр, дейді журналист.
Қазір 75 жастағы Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек ауадай қажет. Бұл қаражат ем-дом мен өмірінің соңғы істерін аяқтау үшін керек. Журналист әзірге ақшаны қайда аудару керегін білмейтінін жеткізді.
Жанар Қанафинаның сөзінше, бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, алайда қазіргі денсаулығына байланысты жұмыс істеуге қауқарсыз. Ол тәулігіне 14 сағат тыныс алу аппаратында отыруы керек.
- Бұл жаста қандай жұмыс болсын? Мен тек аман жүрсем деймін, дейді актер журналиске.