$ 521.9  593.5  6.39

Қазақстанға келген 9 млн шетелдік турист тіркелмеген — министрлік

"Бұл-біз үшін үлкен көрсеткіш". 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туризм де, шетелден келген туристер саны да артқан. Атап айтқанда, ішкі туристер саны 10,5 миллион адамға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 900 мың адамға көбейген.

"Жалпы, елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 миллион шетелдік келген. Бұл көрсеткішке тек туристер емес, қызметтік мақсатпен келген немесе транзиттік бағытта өткен азаматтар да кіреді. Алайда біз олардың ішінен 10,4 миллионын туристер қатарына жатқызамыз, себебі олар елімізде бір күннен артық уақыт болған", — деді Ербол Мырзабосынов.

Министр шетелдік қонақтардың көбісі достарына, туыстарына келгенін, не демалыс, не бизнес мақсатта елге ат басын бұрғанын атап өтті. Олар қонақ үйлерге орналасып, көлік, тамақтану және өзге де сервистік қызметтерді тұтыну арқылы ел экономикасына оң ықпал етуде. Алайда бұл көрсеткішке қатысты маңызды мәселе де көтерілді. Статистикаға сәйкес, елімізге келген 10 миллионнан астам шетелдік туристің 9 миллионы орналастыру орындарында тіркелмеген.

"Бұл – біз үшін үлкен көрсеткіш және талдау қажет ететін бағыт. Туризмді дамыту үшін келушілердің нақты ағынын анықтап, қызмет сапасын арттыруымыз керек", — деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары