$ 515.03  584.82  6.24

Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты. 

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары