11.06.2025, 10:20

Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Си Цзиньпин келеді

Фото: Ақорда

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады. 17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.