$ 511.92  588.91  6.44

«Елбасы» атауы амнистия заңынан неге өшірілмеді?

«Елбасы» атауы алғаш рет 2000 жылы 20 шілдеде небәрі 18 минуттың ішінде қабылданған.

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Мәжілісте Рақымшылық туралы заң жобасы қаралған кезде депутат Қазыбек Иса назар аударарлық мәселе көтерді. Ол заң мәтінінде әлі күнге дейін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген тіркестің қолданылатынын сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Елбасы” атауы заңдарда неге сақталып қалған?

Қазыбек Иса Рақымшылық туралы заң жобасының 4-бабына тоқталды. Аталған бапта рақымшылық қолданылмайтын тұлғалар тізілген. Осы баптың 13-тармағында: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өміріне қол сұғушылық» туралы норма бар екенін атап өтті.

“2023 жылы 11 қаңтарда Мәжілістің 7-шақырылымы “Елбасы туралы” заңның күшін жойды. Алайда қазіргі заң жобасында бұл атау неге қайта жазылып отыр? Бұл қалай? “Елбасы” деп емес, “экс-президент” деп жазу керек емес пе еді? Соңғы қабылданған заң бұрынғы заңдарды жоюы тиіс қой” – деді депутат.

– Елбасы атауы қалай қабылданып еді?

Оның айтуынша, «Елбасы» атауы алғаш рет 2000 жылы 20 шілдеде небәрі 18 минуттың ішінде қабылданған. Бірақ бұл мәртебе 2023 жылы заң жүзінде жойылған. Соған қарамастан, жаңа заң жобаларында бұл атаудың қолданылып келе жатқаны түсініксіз жағдай, деді Қазыбек Иса.

“Құқықтық мемлекетте бұрынғы күшін жойған заңның атауы кейінгі заң жобаларында кездеспеуі керек. Бұл – құқықтық қайшылық” – деп атап өтті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары