27.06.2025, 16:40

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.