Кездесу соңында мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.
Өз кезегінде Михай Попшой мемлекет басшысымен бірге қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.
Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.