$ 519.51  611.83  6.6

Атырау облысында белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды

Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Habr
Habr

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған.

"Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер мен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл өңірдегі бірінші рет болып отырған жағдай емес. 22 маусымда Қоныртерек ауылы маңында да ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат табылған болатын. Ол кезде облыстық әкімдік оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары