$ 540.87  632.01  6.76

Әзербайжан президенті Қазақстанға келеді

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

– Бұл мәселе жақында екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінде көтерілді. Қазіргі уақытта тараптар сапардың нақты мерзімі мен оның мазмұнын талқылап жатыр, - делінген хабарламада. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын. Онда екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекеттің одақтастық қарым-қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары