Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.