$ 537.91  628.87  6.6

Зеленский Путинді кездесуді кейінге қалдырып отыр деп айыптады

Украина басшысы ресейлік әріптесінің ұсынысынан бас тартты. 

Фото: artsakh.news
Фото: artsakh.news

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысымен кездесу үшін Мәскеуге бармайды. Ол Владимир Путинді келіссөздерді әдейі созып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Америкалық әріптестеріміз бізге Путин мені Мәскеуге шақырғанын айтты. Менің ойымша, егер кездесу болғанын қаламасаң, мені Мәскеуге шақыру керек. Ресейдің кездесу туралы айтып отырғанының өзі жақсы. Мұндай кездесулерден кейін ересек көшбасшылар белгілі бір нәтижемен шығуы тиіс", – деді Зеленский.

Украина басшысы бұл кездесу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей мұны кейінге шегеру үшін қолынан келгенін бәрін істеп отыр. Киев Мәскеу тарапынан соғысты аяқтау үшін нақты бастамалар байқалмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Ресей президенті "Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін" деп мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары