$ 541.19  636.44  6.49

Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 45
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары