$ 544.26  634.72  6.52

Шетелдік банк Қазақстандағы ірі ойыншыны сатып алмақ: қаржыгер басты үміткерді атады

Белгілі қаржыгер Ғалым Хусаинов ықтимал үміткерлерге қатысты өз көзқарасын ортаға салды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның банк секторында үлкен өзгерістер күтіліп отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова шығыс-еуропалық бір банктің елдегі ірі екінші деңгейлі банкті сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Қазір банк атауын айта алмаймыз, себебі келісім бойынша бұл ақпарат жария етілмейді. Дегенмен 2025 жылдың соңына қарай немесе 2026 жылдың басында ресми түрде белгілі болуы мүмкін. Әңгіме ірі банк жайында болып отыр», - деді ол.

Сарапшы болжамы: қай банк сатылуы мүмкін?

Белгілі қаржыгер Ғалым Хусаинов ықтимал үміткерлерге қатысты өз көзқарасын ортаға салды.

«Егер алғашқы ондықты қарасақ, Halyk Bank тым ауқымды, ал Kaspi Bank қымбат әрі өзі белсенді сатып алушы. BCC бұл тізімнен бірден түседі, себебі акционерін жақсы білемін. Jusan Bank жақында ғана сатылды. Eurasian Bank ішінде акционерлік дау бар. Bereke Bank катарлықтарға өтті. Демек нұсқалардан тек RBK Bank пен Forte Bank қалады. Егер шынымен OTP Bank кіргелі тұрса, олар бөлшек сегментке көбірек қызығады. Бұл жағдайда басты үміткер – Forte Bank, өйткені ол Home Credit Bank-ті сатып алған», – деп жазды сарапшы Threads-та.

Мамандардың пікірінше, шығыс-еуропалық алып банк шынымен Forte Bank-ті сатып алса, бұл Қазақстан қаржы нарығындағы ең ірі мәмілелердің бірі болмақ. Мұндай қадам нарықтағы бәсекені күшейтіп, клиенттер үшін қызмет сапасы мен қаржылық өнімдердің қолжетімділігін арттыруы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сарапшы #банк