Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Жаслан Мәдиевтің еңбек жолы:
Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері (2007 ж);
Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды;
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (2020-2022 жж);
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі (2022ж);
Binance Kazakhstan бас менеджері (2022-2024 жж);
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2024 жылғы 6 мамыр).