22.10.2025, 10:20

Қазақстанға Финляндия президенті ресми сапармен келеді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.