$ 538.13  624.88  6.64

Экс-шенеуніктің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Серік Манзоровты таныстырған.

Фото: Қаржы министрлігі
Фото: Қаржы министрлігі

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Серік Манзоров тағайындалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Серік Манзоровты таныстырған.

"Серік Манзоров мемлекеттік органдар мен салық қызметі жүйесінде ұзақ жылдық еңбек өтіліне ие. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінде бастаған", - деп жазылған хабарламада.

Ол әр жылдары жетекші маманнан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымда жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде, Президент әкімшілігінде қызмет атқарған.

Айта кетейік, Манзоров Серік Бағдатұлы - Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровтың ұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары