28.10.2025, 13:00

Тоқаев Ақордада Финляндия Президентін қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.

«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.