10.11.2025, 15:20

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.