Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты үш келісімге қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы»;
«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы»;
«Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдары.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.