14.11.2025, 13:20

Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтіп жатыр

Фото: Ақорда

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам жиналды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды.