01.12.2025, 16:50

Адам жүретін емес, азап жолы: Көкшетаудың асфальтсыз көшесі тұрғындарды титықтатты

Фото: видеодан скриншот

Жаңбыр жауса – терең шалшық, күн жылынса – қалың батпақ.

 

Көкшетаудағы бір көше қазір адам жүретін жерге мүлде ұқсамайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңбыр жауса – терең шалшық, күн жылынса – қалың батпақ. Тұрғындар күн сайын осы жолмен жұмысқа барып, балалар мектепке қатынайды. Бірақ жолдың нашарлығы олардың өмірін күрделендіріп жіберген. Құрғақ аяқпен өту мүмкін емес. Халық бұл мәселе жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтады. Жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды сұрайды. Ең болмаса уақытша болса да қиыршық тас төгіп, жолды ретке келтіргенін қалайды. Тұрғындардың айтуынша, бұл көшеге шұғыл жөндеу қажет.