$ 444.22  476.38  4.82

Минскіде Украина ЕО «Еуразиялық үштік» арасындағы кездесу өтеді

26 тамызда Минскіде Украина  ЕО  «Еуразиялық үштік» (Беларусь, Қазақстан, Ресей) форматында кездесу өтеді. Онда Украина мен ЕО арасындағы Қауымдастық туралы келісімдердің орындалуына байланысты, Донбастағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қалыпқа келуі жөнінде мәселелер сөз болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz.

18 және 19 тамызда Украина президенті Петр Порошенко мен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе-Мануэль Баррозу телефон арқылы кеңескен еді. Бұл туралы Украина президентінің ресми сайтында жазылды.

«Еуропалық комиссия президенті Украина президентінің ЕО жағын жоғары деңгейде өтетін жиынға шақырған бастамасын қолдайтынын білдірді. 26 тамызда Минскіде Украина  ЕО  «Еуразиялық үштік» (Беларусь, Қазақстан, Ресей) форматында кездесу өтеді. Онда Украина мен ЕО арасындағы Қауымдастық туралы келісімдердің орындалуына байланысты, Донбастағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қалыпқа келуі жөнінде мәселелер сөз болмақ», делінген ресми хабарламада.

«Сонымен қатар, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссия президентімен болған телефон арқылы әңгімеде қажет болған жағдайда мұндай кездесуді Астанада да өткізу жөнінде келісімге келді», деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары