17.12.2025, 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.