25.12.2025, 16:20

Президент 1 миллиард инвестция салынған кәсіпорын қызметімен танысты

Фото: Ақорда

Зауыт биыл жазда іске қосылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорнына барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. 

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.