09.01.2026, 16:20

Мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды

Фото: Ақорда

Айта кетелік Мәжіліс Құрылыс кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келіскен еді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Айта кетелік Мәжіліс Құрылыс кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келіскен еді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сапасыз материалдарды пайдалану, құрылысқа қатысты ережелерді және қауіпсіздік талаптарын сақтамау — нағыз қылмыс екенін айтып, құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет екенін ескерткен еді.