16.01.2026, 13:00

«Еңбек етсең – үйренесің»: Лукашенко Тоқаевты Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті (ВИДЕО)

Фото: Ақорда

Беларусь президенті Александр Лукашенко қытай тілін үйрену туралы ой қозғай отырып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мысалға келтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол шет тілін меңгеру – талантқа емес, ең алдымен жүйелі еңбек пен табандылыққа байланысты екенін атап өтті.

Лукашенконың айтуынша, мемлекет басшылары үшін тіл білу – тек қарым-қатынас құралы емес, халықаралық деңгейде тиімді жұмыс істеудің маңызды тетігі. Осы тұрғыда ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілін меңгеруін үлгі ретінде көрсетіп, кез келген адам тырысса, нәтижеге жете алатынын айтты.