19.01.2026, 12:20

Ұлттық құрылтай: Президент Қызылордада Қазақстанның даму бағдарын сөз етеді

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертеңге, яғни 20 қаңтарға жоспарланған.

Қызылорда қаласында өтетін жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай тақырыптарда ойын ортаға салатыны белгілі бола бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлаған.

– Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.

Бұған дейін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтетінін жазған едік.