$ 507.05  594.82  6.51

«Бораттың киімін киіп келген»: «Қайрат» матчында «Брюггенің» жанкүйерлері қамауға алынды (ВИДЕО)

Қоғамдық орында мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

20 қаңтар күні Астана Аренада "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы үйдегі соңғы матчында Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдады. 

Аталған ойында "Брюгге" жанкүйерлерінің әрекеті көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан үш жанкүйердің Бораттың бейнесіндегі ашық түсті манкини киіп келгенін көруге болады.

Кейін белгілі болғандай, полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қоғамдық орында мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалалық полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және мінез-құлық ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қазақ жанкүйерлерін ашуландырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2