Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.