$ 503.44  593.35  6.55

Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы — Nishan-e-Pakistan ордені табысталды (ВИДЕО)

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады. 

Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0