$ 494.75  586.77  6.38

Президент шенеуніктерге: Көбірек оқыңыздар

"Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады".

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында шенеуніктерге кеңес берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

“Бұл жөнінде жақында “Turkistan” газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді”, - деді ол.

Сөзінше, әлеуметтік желінің кесірінен адамдар аз оқиды.

“Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар”, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0