10.02.2026, 13:30

«Айтуға да ыңғайсыз»: Тоқаев медицинадағы ақпараттық жүйе туралы

Фото: Ақорда

Осы ретте Тоқаев 2026 жылдың 1 желтоқсанына дейін бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің үйлеспей отырғанын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы бүгінде медицинада қолданылатын 30-ға жуық ақпараттық платформаның басы бірікпей тұрғанын айтып, бұл жағдайды «айтуға да ыңғайсыз» деп бағалады. Оның сөзінше, жүйелердің шашыраңқылығы халыққа көрсетілетін қызмет сапасына кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты Президент жауапты ведомство басшыларына нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, 2026 жылдың 1 желтоқсанына дейін бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе іске қосылуы тиіс. Тоқаев жаңа жүйе медициналық деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруы керектігін ерекше атап өтті.