Өлімі расталған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің денесі оның қираған резиденциясынан табылған, өлімі расталған. Бұл туралы Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін Әли Хаменейдің «енді жоқ екенінің белгілері бар» екенін айтқан.
«Бұл тиранның енді жоқ екенін көрсететін көптеген белгілер бар. Бүгін таңертең біз аятолла режимінің жоғары лауазымды өкілдерін, Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларын, ядролық бағдарламаның негізгі тұлғаларын жойдық және жалғастырамыз. Алдағы күндері біз террористік режимнің мыңдаған нысандарына тағы да соққы жасаймыз», – деді Нетаньяху.