$ 497.56  586.92  6.44

Трамп Хаменейдің қаза тапқанын растады

Жарияланымында Трамп бұл оқиғаны «әділеттің орнауы» деп атады.

Фото: © AP Photo / Mark Schiefelbein
Фото: © AP Photo / Mark Schiefelbein

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранның Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапқанын мәлімдеді.

Жарияланымында Трамп бұл оқиғаны «әділеттің орнауы» деп атады. Сонымен қатар ол Иран аумағына жасалатын соққылардың жалғасатынын ескертіп, ирандық күштік құрылымдарды «патриоттардың жағына өтуге» шақырды.

«Бұл — иран халқы үшін өз елін қайтарып алудың ең үлкен мүмкіндігі… Ауыр әрі нысаналы бомбалау біздің мақсатымыз — бейбітшілікке қол жеткізілгенге дейін жалғаса береді», — деп жазды Трамп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0