Елшілік мәлімдеме жасады.
Қазақстанның Ирандағы елшілігі еліміздің азаматтарына ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Хабарламада Иран аумағынан шығу жолдары түсіндірілген.
“Иран әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен хабарласуларыңызды сұраймыз. Иран аумағынан Әзірбайжан, Армения, Түркия және Түрікменстанмен шектесетін құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесі пысықталады”, – делінген хабарламада.