$ 479.82  559.9  6.15

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0