05.05.2026, 12:30

Айбек Дәдебай ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды

Фото: Ақорда

Оның орнына Роман Скляр ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебай ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оның орнына Роман Скляр ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.