20 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өкімге сәйкес, Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді.
Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қабылданған.