25.05.2026, 11:25

Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді

Фото: Ақорда

27-29 мамыр күндері Владимир Путин келеді. 

 27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды. 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.