$ 477.48  555.83  6.65

Путин Астанаға келді (ФОТО)

ҚР Әуе қорғанысы күштері Ресей президенті ұшағын ел шекарасынан күтіп алып, Астана әуежайына дейін сүйемелдеп әкелді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Астана әуежайында Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ҚР Әуе қорғанысы күштері Ресей президенті ұшағын ел шекарасынан күтіп алып, Астана әуежайына дейін сүйемелдеп әкелді.

Мемлекеттік сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің Әнұраны шырқалды. Ұлттық киім киген арулар мәртебелі қонаққа гүл шоғын ұсынды.

у

Фото: видеодан алынған скрин

Жас өрендер Қазақстан мен Ресейдің жалаушаларын желбіретіп, қошемет көрсетті.

в

Фото: видеодан алынған скрин

Елорданың Оқушылар сарайының өнерпаздары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін, орыс халық шығармаларын орындады.

в

Фото: видеодан алынған скрин

Ресей Президенті құрамында 30-дан астам адам бар үлкен делегациямен келді. Олардың қатарында министрлер мен ірі компаниялардың басшылары бар.

Еске сала кетсек, 27-29 мамыр күндері Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Мемлекеттер басшылары бұл сапарда Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларыны қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

в

Фото: видеодан алынған скрин

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Путин #Астана