Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.
Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.