$ 467.98  533.87  6.11

АҚШ сенаторы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнс Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ-америка ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қосқан үлесі үшін АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сенатор Қазақстанның жаңа Конституцияны қабылдауын ерекше атап өтіп, Президентті ауқымды саяси реформаларды сәтті жүзеге асыруымен құттықтады.

Стив Дэйнстің айтуынша, Негізгі заңның негізіне алынған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанның қуатты әрі заманауи мемлекет ретінде одан әрі дамуына берік іргетас қалайды.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0