14.07.2026, 21:30

Құрылтай сайлауына бюджеттен 34,3 млрд теңге жұмсалады

Фото: Dala news

Жалпы жеті саяси партия 546 адамды саяси додаға қосып отыр

Құрылтай сайлауын өткізуге 34,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Қаражат үкімет резервінен бөлінген. Өйткені 2026 жылғы бюджет өткен жылы қабылданып қойған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жалпы жеті саяси партия 546 адамды саяси додаға қосып отыр. Үміткерлерді ең көп ұсынған – «Әділет» партиясы (186 адам).

Одан бөлек, Respublica – 76, Қазақстан Халық партиясы – 72, «Ауыл» – 69, «Ақ жол» – 63, «Байтақ» -47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 33 кандидат ұсынды.

«Алдағы сайлаудың бюджеті аумақтық сайлау комиссияларының қажеттіліктері негізінде, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылды. Оған сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығын және тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге қажетті барлық шығындар енгізілген», – деді Михаил Бортник.

Қазіргі уақытта кандидаттардың құжаттары тиісті мемлекеттік органдарға жолданған. Онда үміткерлердің Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына қаншалықты сай келетіні тексеріледі. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, партиялық тізімді тіркеу кезінде әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар (мүгедектігі бар) жандарға арналған 30 пайыздық квота толық сақталған. Бұған қоса, ОСК сайлауды бақылау үшін үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 60 халықаралық бақылаушы тіркеліп үлгергенін хабарлады.