24.07.2026, 20:30

Қазақстанда доллар бірден 10 теңгеге қымбаттап кетті

Фото: Валерия Змейкова

Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамында айырмашылық көп болып шықты.

Ұлттық банктің мәлімдемесінен кейін доллар 10 теңгеге жуық қымбаттады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы порталы. Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамында айырмашылық көп болып шықты. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,85 теңгеге көтеріліп, 476,07 теңге болды. Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы бір долларға 465,74 теңге.

Ал Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамында да өзгерістер бар:

сатып алу – 473,82 теңге; сату – 476,81 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – орташа есеппен 470,97 теңге; сату – 477,97 теңге. Еске саласайық, бүгін 24 шілдеде Ұлттық банк базалық мқлшерлемені 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін төмендеткенін хабарлады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шешім ұзақ талқылаудан кейін қабылданғанын айтты. Базалық мөлшерлерме төмендеген соң доллар бірден қымбаттады.