Оның айтуынша, күдіктілер ұсталғаннан кейін небәрі екі апта ішінде толықтай Кореяға жеткізілген.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Қазақстанға жасырын кіріп, азаматтарға қарсы телефон алаяқтығын жасаған кореялық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін жедел ұстауға және елге қайтаруға көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, күдіктілер ұсталғаннан кейін небәрі екі апта ішінде толықтай Кореяға жеткізілген.
Ли Чжэ Мён бұл туралы Қазақстан тарабының қылмыстық топ мүшелерін ұстау және елге қайтару бойынша көрсеткен көмегіне қатысты алғыс сөзінде айтты. X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазба жариялап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты белгілеген.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) алаяқтық колл-орталықтардың заңсыз қызметінің жолын кесу барысында Оңтүстік Кореяның 14 азаматынұстаған болатын.Оларға телекоммуникациялық жүйелер арқылы алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген күдік келтіріліп отыр.