$ 464.02  536.18  5.54

Заң алдында бәрі тең дегендерің қайда?: Баян Алагөзова Канье Уэсттің Алматыдағы концерті туралы

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы америкалық рэпер Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсер бұған дейін стадионда өткен концерттердің бірінде ұйымдастырушылар отшашу қолдануға рұқсат ала алмағанын еске алды.

«Концерттегі кешті есіме түсіріп отырмын. Стадионда болғанбыз. Біз отшашу сұрадық, қатты сұрадық, бірақ бізге үзілді-кесілді рұқсат бермеді. Біртүрлі әрі өкінішті. Өз адамдарымызға келгенде әлі күнге дейін: “Кешіріңіздер, сіздерге болмайды” деген ұстаным бар. Ал Канье үшін болады екен», – деді Баян Мақсатқызы.

Оның пікірінше, мұндай жағдай заң талаптарының барлығына бірдей қолданылатынына қатысты сұрақ туындатады.

«Сонда заң алдында бәрі тең деген қайда? Әлде біреулер бәрібір өзгелерден “теңірек” пе?» – деп сауал қойды продюсер.

Баян Мақсатқызы отандық әртістердің де әлемдік деңгейдегі шоу ұйымдастыра алатынын атап өтті.

«Біз шынымен әлемдік деңгейдегі шоу жасадық. Ал Канье болса, жай ғана сфераның ішінде жүрді, аса қатты күш салған да жоқ қой», – деді ол.

Айта кетейік, Канье Уэсттің Алматыдағы концерті әлемдік жұлдыздың Қазақстанда өнер көрсетуімен ерекшеленді. Продюсердің пікірінше, отандық шоуларға да шетелдік әртістерге жасалатындай мүмкіндік пен қолдау берілуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0